Өлең: Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1581210504_1111111111.jpg)
Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.
Көшіріп қайда барасың?
Бағланың еді-ау баптаған.
Біз қалдық енді зарланып,
Жүрекке қайғы байланып.
Күңіренсек те ел болып,
Арысым келмес айналып.
Қош бол, енді арысым!
Шырқырып қалды дауысым.
Қиямет-қайым болғанда,
Жаннаттан елің танысын!
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.
Көшіріп қайда барасың?
Бағланың еді-ау баптаған.
Біз қалдық енді зарланып,
Жүрекке қайғы байланып.
Күңіренсек те ел болып,
Арысым келмес айналып.
Қош бол, енді арысым!
Шырқырып қалды дауысым.
Қиямет-қайым болғанда,
Жаннаттан елің танысын!
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Әпитөк /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Әпитөк /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)
Іздеп көріңіз: