Өлең: Үш бидің жер бөлуі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Үш бидің жер бөлуі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қазақта үш би бопты ел қалаған,
Аузына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке – үшеуінен сөз тараған.
Үшеуі ақылдасып жер бөледі,
Үлкен деп Ұлы жүзге жол береді.
«Әз Төле, қалау сізге берілді» – деп
Әйтеке, Қазыбек би тең келеді.
Төле би таңдап апты Алатауды,
Ол кезде мекендеген Қаратауды.
Сол заман халық қандай ынтымақты
Қазаққа үш-ақ кісі айтқан қаулы.
Қазыбек Сарыарқаға ие бопты,
Айтқаны елге сондай жүйе бопты.
Жайық пен Маңғыстауды Әйтеке алып,
Халыққа құтты қоныс майдай жақты.
Үш бидің толып жатыр өсиеті,
Үлгі боп елге істеген әділеті.
Болса да талай ғасыр өлгеніне,
Қалған жоқ ел аузынан қасиеті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Үш бидің жер бөлуі өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Уш бидин жер болуи казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Үш бидің жер бөлуі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]