Өлең: Ақ маңдайлым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақ маңдайлым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көк майса Алатаудың бөктерінде,
Гүл тердік жастық шықтың көктемінде.
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,
Қолымды жеткізгендей көкте күнге.

Қайырмасы:
Айналдым, ақ маңдайлым,
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалында жас дәуренде,
Ұялма, "жан сәулем!" де,
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші,
Жадырашы, назданшы, еркелеші.

"Сен" деген сөзің серттен артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
Өзгеге өзін қимас өр көңілім,
Лебіңнен қорғасындай балқып еді.

Қайырмасы.

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
"Сіз" деген салқын сөзлен тоңамың ғой,
"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақ маңдайлым өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ак мандайлым казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақ маңдайлым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]