Өлең: Жан сәуле (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жан сәуле (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жан сәулем, асыл бейнең көз алдымда
Көрегенде нұр жүзіңді тқзе алдым ба?!
Әніңе жаным құмар,
Қол жетпес сен бір шынар.
Қол жетпес арман бір күнің,
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Ән болып өтсін бұл жылың,
Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!

Өзгеге қайтіп сені қия аламын,
Бір өзің жүрегімде ұяладың.
Күн болшы аспаныма,
Нұр толсын жас жаныма.
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Әлемді әнмен таңданта,
Шырқашы, сәулем, жан қалқа!

Қайтейін, бұл жүрегім күйсін-жансын,
Махаббат белгісіндей әнің қалсын.
Әніңе жаным құмар,
Қол жетпес сен бір шынар.
Қол жетпес арман бір күнің.
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Ән болып өтсін бұл жылың,
Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Жан сәуле өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Жан сауле казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Жан сәуле

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]