Өлең: Ақ құсым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақ құсым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Саған деп - айтар әнім,
күн сайын қайталадым.
Аяулы жарым - сенсің,
Бақытым,барым - сенсің.

Қайырмасы:
Сен - менің арманым, ақ құсымсың,
Сен - менің ардағым, бақ құсымсың.
Бір сен деп, ақ құсым, аңсағаным,
Әлемге әніммен жар саламын!

Сен берген бақытыңнан,
Сен берген шаттығыңнан,
Теңіздей шайқаламын,
Гүлгеболып жайқаламын.

Қайырмасы.

Сен - менің аппағымсың,
Сағынып тапқанымсың.
Сәулелі күндізімсің,
Сен - менің жұлдызымсың!

Қайырмасы:
Сен - менің арманым,ақ құсымсың,
Сен - менің ардағым,бақ құсымсың.
Бір сен деп, ақ құсым, аңсағаным,
Сен - менің сәулем-ау,таң самалым!
Сен - менің ақ Шолпан, аңсағаным,
Сәулем-ау, бір сен деп ән саламын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақ құсым өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ак кусым казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақ құсым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]