Өлең: Таң самалы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Таң самалы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алтын нұр аймалап алапты,
Алаулап арайлы таң атты.
Таң самалы тербеп, тебіренер кеудем
Сен дағы мені тербе, сәулем.

Қайырмасы:

Өзіңдей нұрлы, арайлы таңым
Қуаныш етіп, қараймын, жаным
Аспаны ашық,
Көңілім биік,
Гүлімді таптым,
Өзіңді сүйіп.

Орманда ақ қайың көремін,
Ақ қайың сен өзің дер едім.
Аулақта бұлбұл шырқаса әнге,
Толқышы әнмен шалқып сен де!

Қайырмасы:

Жазира кең дала көлбеген,
Бір сен деп лебіңе шөлдеген.
Сылдырлап бұлақ ағады таудан,
Күмістей күлкің естілер қайдан?!

Қайырмасы:

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Таң самалы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Тан самалы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Таң самалы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]