Өлең: Маржан қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Маржан қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асқақтата салғаным жайлау әні,
Баққан малым жайлаудың болған сәні.
Қай жерімнен мін таптың, қалқатайым,
Менің жазған хатыма жауап қане!

Қайырмасы:
Кездескен күн есімде,
Айлы жаздың кешінде.
Еске сақта қалқатай,
Айта берем несіне.

Жайлау қандай, мал қандай, өзім қандай,
Көрген адам біздерге таңданғандай.
Жалғыз жүріп есіме сен түскенде,
Қарсы алдымнан болады шам жанғандай.

Қайырмасы.

Кездесіп ек колхозда айлы түні,
Құлағымнан қалқаның кетпейді үні.
Шығасыңба алдымнан,шықпайсыңба,
Москвадан Жұлдыз ап келген күні?!

Қайырмасы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Маржан қыз өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Маржан кыз казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Маржан қыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]