Өлең: Жайық қызы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жайық қызы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шіркін-ай ойда-жоқта болдымда кез,
Жайықтан бір қыз көрдім қарақат көз.
Асыққан балықшы екен амалым не,
Қалдым-ау, естей алмай бір ауыз сөз.

Қайырмасы:
Аха-хай, дариға-ай,
Жалт еттіде жоқ болды,
Көрген түстей сағымдай.

Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елжіреткен,
Болсайшы бәрі сондай қарындастың.

Қайырмасы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Жайық қызы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Жайык кызы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Жайық қызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]