Өлең: Ақ сәуле (Қазақ ауыз әдебиеті)
Бір күй бар домбырамда тартылмаған,
Бір сыр бар көңілімде айтылмаған.
Сен үшін келдім сақтап, сүйген сәулем,
Көзіңнен айналайын жарқылдаған.
Ақ сәуле аспанда аймен толасасын,
Төгіліп иығыңа қара шашың.
Жалт беріп құралай көз қарағанда,
Жанымның жайлауында жарасасын.
Ақ сәуле,арнадым мен арманымды,
Бұлбұлдай аялаған таңда гүлді.
Көркіңе мінезі сай келіп тұрған,
Арман не, көргеніңде жан-жарыңды.
Бір сыр бар көңілімде айтылмаған.
Сен үшін келдім сақтап, сүйген сәулем,
Көзіңнен айналайын жарқылдаған.
Ақ сәуле аспанда аймен толасасын,
Төгіліп иығыңа қара шашың.
Жалт беріп құралай көз қарағанда,
Жанымның жайлауында жарасасын.
Ақ сәуле,арнадым мен арманымды,
Бұлбұлдай аялаған таңда гүлді.
Көркіңе мінезі сай келіп тұрған,
Арман не, көргеніңде жан-жарыңды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: