Өлең: Жан ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Жан ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580903277_prpapr.png)
Сүйсінемін, жан ерке, мінезіңе,
Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.
Үлкен-кіші естісе таңырқаған
Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.
[Қайырмасы]
Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ, еш қандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз, еркем-ай!
Ақылыңа көркің сай, ісің әрлі,
Бір өзіңдей болсашы жанның бәрі!
Күлкісі наз, сөзі бал жан ерке деп,
Аңыз еткен атыңды жас пен кәрі.
[Қайырмасы]
Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.
Үлкен-кіші естісе таңырқаған
Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.
[Қайырмасы]
Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ, еш қандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз, еркем-ай!
Ақылыңа көркің сай, ісің әрлі,
Бір өзіңдей болсашы жанның бәрі!
Күлкісі наз, сөзі бал жан ерке деп,
Аңыз еткен атыңды жас пен кәрі.
[Қайырмасы]
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: