Өлең: Ақтамақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақтамақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді,
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ.
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан,
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ.

Қайырмасы:
Айдын көлдің еркесі,
Еркін өскен Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған.
Бұлбұлымсың Ақтамақ.

Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің,
Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ.
Сымға тартқан күмістей нәзік белің,
Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ.

Қайырмасы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақтамақ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Актамак казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақтамақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]