Өлең: Алма ағаш тағы гүлдеді (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алма ағаш тағы гүлдеді (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көктемде алма бағында,
Қызбен жігіт сырласты.
Бұлбұл сайрап маңында,
Алма ағаштар гүл шашты.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Көктемнің келді айлары.
Қызбен жігіт сырласты,
Алма ағаштар жайнады.

Толқыта шаттық жүректі,
Оқуға кетті сүйгені.
Арада айлар,жыл өтті,
Алма ағаш тағы гүлдеді.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Құлпырды колхоз аймағы.
Оқуға кетті сүйгені,
Алма ағаш тағы жайнады.

Маман боп оқу бітіріп,
еңбекпен қыз кеп ұласты.
Сабағың жерге түсіріп,
Алма ағаш тағы гүл ашты.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Қызу еңбек қайнады.
Екі дос тағы қосылды,
Алма ағаштар жайнады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Алма ағаш тағы гүлдеді өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алма агаш тагы гулдеди казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алма ағаш тағы гүлдеді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]