Өлең: Бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, жұлдыз күлім қағып нұрлы аспанда,
Қарсы алар екі ғашық сырласқанда.
Сайрайды бұлбұл әнін тамылжыта,
Көктемде алма ағаштар гүл ашқанда.

Қайырмасы:
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!...
Осылай бұлбұл сайрайды.

Көктем кеп, тамылжыды бұлбұл әні,
Әнге ұйып, жұрт құлағын түрді бәрі.
Күн күліп, орман өсіп, арман қаулап,
Көрікті кең өлкемнің кірді сәні.

Қайырмасы:
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!...
Осылай бұлбұл сайрайды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Бұлбұл өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Булбул казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Бұлбұл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]