Өлең: Ақ шолпан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақ шолпан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қиылған қас, қара көз, жазық маңдай, Ақ Шолпан,
Бір өзіңе сұлулық біткен жандай, сүйген сәулем Ақ Шолпан.
Ақ жүзіңді айнадай көрген жігіт, Ақ Шолпан,
Кетпес, сірә, көркіңе бір таң ғалмай, сүйген сәулем Ақ Шолпан.

Ойлы жүрек, жарқын жүз, әсерлі үн Ақ Шолпан,
Сені ойласам басымнан серпілер түн, сүйген сәулем Ақ Шолпан.
Екі тілек армандай бірге шығып, Ақ Шолпан,
Қосылатын бізге де туарма күн, сүйген сәулем Ақ Шолпан.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақ шолпан өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ак шолпан казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақ шолпан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]