Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Қазақ халқына діни бір уағыз)

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Қазақ халқына діни бір уағыз)

Қазаққа дін хақында осы керек,
Мүбәда* бұл секілді болса өрнек.
Духовный собраниеге біз қарасақ,
Дініміз қуат табар һәм бегірек.
Әр волоста бір указной болсын молла
Кандидат һәм муәзін тұрсын және.
Сайланып үшбу затлар халық тарафынан.
Емтиханды муфти алсын пәруа*.
Русша білмек бұларға шарт болмаса,
Іс етсе шариғаттың фәрмәнінше *.
Никах, талақ, мирас, жаназа оқып
Указной балаға есім қойса.
Мәгәрде уақыты бола алмаса
Указной бір молланы уәкил қылса.
Ләкин* никах, талақ, мирас ісін,
Лайық өзі бітіру дауы болса.
Указной молланың хилаф ісін,
Әлбетте, оязной ахун тексерсін.
Ахундтан оязной болса хата,
Областной ахунд тексеріп мұны көрсін.
Областной ахундпен іс бітпесе,
Духовный собраниеге барып кірсін.
Ең шеті ғаділдіктің осы болып,
һәммә ісі мұсылманның сонда тынсын.
Бір мешіт болсын нешік әр болыста,
Жамағат, расходын өзің ұста.
Және болсын медресе бала оқытуға,
Берсін бұған расходын земство.
Медрссеге сайлансын екі молла,
Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша.
Педагогия тәртібімен оқытсаңдар,
Қазағым, кетер едің сонда алға.
Айтылмыш екі учитель уазифасын
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
міржақып дулатов Қазақ халқына діни бір уағыз өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]