Өлең: Ағашаяқ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ағашаяқ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым айналайын, келдің қайдан,
Ала үйрек алма мойын ұшар сайда.
Ей, қалқа, мекеніңді айтып қойшы,
адамның жат болмағы осындайдан.

Қайырмасы:
Әй, қалды-ау, қалды-ау,
Қыз қайда, ойбай,
Қыз қайда?
Қара жол ма дегенім,
Шұбырыңды із боды-ай, ойбай.
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай.

Қыз болды-ау, ой-ой.
Әй! Қыздар-ай, есіңе ал.
Алсаң ал,алмасаң қой,
Мен дағы өлер деймісің.
Шіркін-ай, шіркін-ай,
Үкілі кәмшат бөркің-ай.

Ой, пәлі-ай, ой,пәлі-ай,
Ой, пәлі-ай!
Осылай ма едің,
Қыздар-ай!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ағашаяқ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Агашаяк казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ағашаяқ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]