Өлең: Екеуің де — ақ сұңқар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Екеуің де — ақ сұңқар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Базар барып, базардан қазан алдым,
Атқы жеңіл болсын деп тазаны алдым.
Сен есіме түскенде, екі қалқам,
Жерге түскен қамшымды азар алдым.

Қайырмасы.
Бірің - қайың, бірің - тал,
Бірің - секер, бірің - бал.
Қайсыбірін мақтайын,
Екеуің де - ақ сұңқар.

Сары белден сарғайып таң келеді,
Жүйрік аттың артынан шаң келеді.
Өлеңді айт дегенде айта бермей,
Осындайда кей жаман паң келеді.

Қайырмасы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Екеуің де — ақ сұңқар өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Екеуин де — ак сункар казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Екеуің де — ақ сұңқар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]