Өлең: Еділ бойы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Ар жағында еділдің көрдім сені, жеңеше-ау,
Қайық қылып сырғаңды өткіз мені, жеңеше-ау,
Мінезің сенің өзгеше-ау.
Қайық қылып сырғаңды өткізбесең, жеңеше-ау,
Хордың қызы болсаң да көрмен сені, жеңеше-ау,
Мінезің сенің өзгеше-ау.
Қайырмасы.
Алқаракөк жаз жайлап,
Салы орамал бір байлап.
Сағынып,сәулем,келгенде,
Қайда кеттің,
Ойпыр-ай, той тойлап!?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: