Өлең: Райхан гүл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Райхан гүл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көйлек,қызыл қамзол, лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер,нәзік таңдай.
Халіңнің қасіретінен берші хабар,
Жолыңа сарп етейін жиған малды-ай.

Қайырмасы:
Ахау,құрбым,қыз - қызыл гүл,
Лағылша жазғы таңғы райхан гүл!

Сүмбіл шаш, пісте мұрын,лағыл иек,
Шынардай он саусағың құлжа сүйек.
Осындай ғашық жардан айырылған соң,
Жалын боп жарым үшін жүрмін жүдеп.

Қайырмасы:
Ахау,құрдас, сіз бір мұңдас,
Жерлерге көк майсасыз бір күн қонбас.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Райхан гүл өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Райхан гул казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Райхан гүл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]