Өлең: Бұрылтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Бұрылтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Таңбасы жоқ, ені жоқ бұрылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға шоқытып шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ахау,бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қош-есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай.
Ахау, айдай,
Жарым, айдай.
Достың көңілін қалдырма,
Қыз қалқатай.

Қамшы бастым асыға бұрылтайға,
Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?
Жұрт жаңғырып,орнынан бір күн түнде,
Қалқатайдың ауылы кетті қайда?

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Бұрылтай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Бурылтай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Бұрылтай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]