Өлең: Ақ сұңқар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақ сұңқар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсің ажарлымның.

Қайырмасы:
Ақ сұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым айналайын,қандай едің,
Құрбыңның өзің теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен мұратыма жандай едім.

Қайырмасы.

Қарағым айналайын,қасың көрік,
Мал болсаң,алар едім бәсін беріп.
Мен саған басыбайлы бол демеймін
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Қайырмасы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақ сұңқар өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ак сункар казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақ сұңқар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]