Өлең: Алқызыл тас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алқызыл тас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым айналайын, қарақат көз,
Тыңдасаң айтар едім азырақ сөз,
лилалай, сәулем, лилалай.
Барлығы мінез-ғұрып бір өзіңді,
Бағыңа қандай адам боласың кез,
лилалай, сәулем, лилалай.

Қайырмасы:
Ахахай, алқызыл тас,
Күнім-ау құрдас.
Көрген жан дидарыңа,
Болмай ма мас,
Лилалай, сәулем,л илалай.

Басыңа биік таудың бір топ шынар,
Қалқатай, бір өзіңе бодым құмар,
лилалай, сәулем, лилалай.
Ойымнан жатсам-тұрсам бір кетпейсің,
Көңілім құмарланған қашан тынар,
лилалай, сәулем, лилалай.

Қайырмасы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Алқызыл тас өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алкызыл тас казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алқызыл тас

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]