Өлең: Шынар-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Шынар-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай,
Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Жаңа ғана жүзіңді көрсем-дағы,
Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Зибаш-ай,
Қасыңның қара қиғашы-ай.
Құрбыңды, сәулем,
Сыйлашы-ай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Шынар-ай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Шынар-ай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Шынар-ай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]