Өлең: Угай-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Угай-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шөбі шүйгін төменгі көк қабақтың,
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай.
Өлең, даусын сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай.

Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.

Бәсі қымбат-ай базарда алашаның,
Қызы сұлу болады Қарашаның, угай-ай.
Көре алмай сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады құдашаның, угай-ай.

Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Угай-ай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Угай-ай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Угай-ай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]