Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Зар заман)

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Зар заман)

Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асырып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.
Заман-ай?

Қайырмасы:
Азаматы алаштың
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.

Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, бастап топты
Тигізбесін жұртқа жау көселдерін.
Заман-ай!

Қайырмасы:
Бай, кайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды-көпті аямай барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?
Мұсылманның жолына жаныңды сал.
Заман-ай!

Қайырмасы:
Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?
Өлең, күйдің шебері ақындарым?
Азаматтың міндеті елді қорғау,
Төнгелі тұр басына күшті толғау.
Заман-ай!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
заман туралы өлең, міржақып дулатов Зар заман өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы, зар заман туралы өлең, зар заман туралы олен казакша, зар заман стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]