Өлең: Топ шеңгел (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Топ шеңгел (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,
Екі он бесте қосылса тең келмес пе.
Қалқатайдың бергені жарты мейіз,
Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.

Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең кел.
Топ шеңгелге келуге,
Өзіңе өзің сенсең кел.

Қалам алып хат жаздым тарбиялап,
Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
Жапан түзге сен біткен бір бәйтерек,
Бұтағыңа жүрмесін қарға ұялап.

Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең кел.
Топ шеңгелге келуге,
Өзіңе өзің сенсең кел.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Топ шеңгел өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Топ шенгел казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Топ шеңгел

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]