Өлең: Сары бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Сары бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап аулыңнан кетемін бе?

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным.

Бұлт арылмай қойды ғой бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін,
Ат арытып алыстан келгенімде,
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Сары бидай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Сары бидай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Сары бидай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]