Өлең: Қамажай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Қамажай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп.
Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед,
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Ертістің жағалауын жағалаймын,
Мұз болса көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған Қамажайым,
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Мойнына үкі-тамыр тағып жүрсе.
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Аулына Қамажайдың барып жүрсе.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Қамажай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Камажай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Қамажай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]