Өлең: Ідігай (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Ідігай (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580903238_nrer.jpg)
Өлеңім ағайынды, абысынды,
Қамшымның сазға тастап, сабы сынды.
Жүруші ем жас күнімде асау тайдай,
Қартайып енді менің сағым сынды.
Ой, ідігай,
Әттең, қалқа, қайтейін,
Күнім ай-ау.
Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,
Кісіні жақсы көрген шіркін деймін.
Алдында көпшіліктің ән салғанда,
Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.
Ой, ідігай,
Әттең, қалқа, қайтейін,
Күнім ай-ау.
Қамшымның сазға тастап, сабы сынды.
Жүруші ем жас күнімде асау тайдай,
Қартайып енді менің сағым сынды.
Ой, ідігай,
Әттең, қалқа, қайтейін,
Күнім ай-ау.
Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,
Кісіні жақсы көрген шіркін деймін.
Алдында көпшіліктің ән салғанда,
Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.
Ой, ідігай,
Әттең, қалқа, қайтейін,
Күнім ай-ау.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: