Өлең: Жолдастар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жолдастар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Еңбекшіл – біз кедейдің баласымыз,
Отанның жас жеткіншек панасымыз.
Орнатып бақ ордасын елімізге,
Тайсалмай ілгері өрлеп барамыз біз.

Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман.

Біз – жаздың жаңа шыққан ағашымыз,
Өмірден толып жатқан аласымыз.
Болсақ та жас шыбықтай жаңа шыққан,
Бастайтын еліміздің ағасымыз.

Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Жолдастар өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Жолдастар казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Жолдастар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]