Өлең: Жариям-айдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жариям-айдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жеміс.
Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.

Өрік, мейіз, қант пен шай,
Алма мойын, ақ бидай,
Жариям-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу қалқатай-сәулетай.

Алып келген базардан білте шам-ай,
Бидай өңді аққұба құдашам-ай,
Сірә менің көңілім басылар ма,
Сақиналы қолыңнан ет асамай.

Өрік, мейіз, қант пен шай,
Алма мойын, ақ бидай,
Жариям-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу қалқатай-сәулетай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Жариям-айдай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Жариям-айдай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Жариям-айдай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]