Өлең: Жан қалқатай (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Жан қалқатай (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580903238_nrer.jpg)
Дәйім менің мінгенім көгілдірік, көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай.
Жерің шалғай кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.
Аққұйрық шай, бозжорға тай,
Есен-аман жүрмісің, жан қалқатай-ай.
Дәйім менің мінгенім құла қасқа, құла қасқа,
Таудан соқпақ салдырдым құламасқа-ай.
Аулың алыс кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Бет орамал беріп кет жыламасқа-ай.
Ақау десек,
Мамық төсек,
Бара берсек аулыңа
Болады өсек-ай.
Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай.
Жерің шалғай кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.
Аққұйрық шай, бозжорға тай,
Есен-аман жүрмісің, жан қалқатай-ай.
Дәйім менің мінгенім құла қасқа, құла қасқа,
Таудан соқпақ салдырдым құламасқа-ай.
Аулың алыс кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Бет орамал беріп кет жыламасқа-ай.
Ақау десек,
Мамық төсек,
Бара берсек аулыңа
Болады өсек-ай.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: