Өлең: Еркем-ай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Еркем-ай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580903238_nrer.jpg)
Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында, жан сәулем.
Күміс жеген жарқылдар ат басында, еркем-ай.
Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жымылып жат қасымда, еркем-ай.
Ай қараңғы, кеш жарық,
Ебін тауып келсеңші-ай.
Іле деймін, ендеше, Іле деймін, жан сәулем,
Өте шықсам Іледен, міне деймін, еркем-ай.
Кісі жары кісіге жар болмайды,
Өз жарыңның тілеуін тіле деймін, еркем-ай.
Ай болмаса, жұлдыз бар,

![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: