Өлең: Еркем-ай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Еркем-ай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
Іздегенмен жаманға табылмаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Әншілердің серігі домбыра ма,
Тарта берсең домбыра болдыра ма.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Домбыраны баппенен қолға алып,
Шарықтата әнге сал оң бұра да.

Еркем-ай,
Бүгінгі күнің тамаша,
Ертең бұдан көркем-ай,
Еркем-ай,
Бүгін болған тамаша,
Болсын тағы ертең-ай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Еркем-ай /1-нұсқа/ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Еркем-ай /1-нуска/ казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Еркем-ай /1-нұсқа/

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]