Өлең: Гүлдерайым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Гүлдерайым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көңіл ағызайық әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ,
Неғылайын.

Жаз шықты жадыратып майдың айын,
Әніне шырқай кетті Гүлдерайым.
Шығады ащы даусым әнге бассам,
Қарағым, сені есіме алған сайын.

Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ,
Неғылайын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Гүлдерайым өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Гулдерайым казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Гүлдерайым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]