Өлең: Бүлдірген (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Бүлдірген (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580903238_nrer.jpg)
Қонғаны аулымның ой болса екен,
(Қорадан өріп шығар қой болса екен.)
Ойдан төмен жайылған қой болса екен.
Тілеуін екі жастың біз тілейік,
Мереке, күнде осылай той болса екен.
[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.
Қарағайлы, ендеше қарағайлы,
Қарағайды көп жылқы аралайды.
Жақсы-жайсаң осылай бас қосқанда,
Бекер қарап отырған жарамайды.
[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.
(Қорадан өріп шығар қой болса екен.)
Ойдан төмен жайылған қой болса екен.
Тілеуін екі жастың біз тілейік,
Мереке, күнде осылай той болса екен.
[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.
Қарағайлы, ендеше қарағайлы,
Қарағайды көп жылқы аралайды.
Жақсы-жайсаң осылай бас қосқанда,
Бекер қарап отырған жарамайды.
[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: