Өлең: Бөбегім-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Бөбегім-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580903238_nrer.jpg)
Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ,
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Сүт бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ,
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Сүт бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: