Өлең: Бір келіншек (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Бір келіншек (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580903238_nrer.jpg)
Қан түссе аяғына ат сүріншек,
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Осы әнге шаттандырып салады екен,
Түбінде займкенің бір келіншек.
[Қайырмасы]
А-а-а-ау,
Бір келіншек, бір келіншек, бір келіншек-ау
Ағашы займкенің селдіреген,
Қалқаның екі көзі мөлдіреген.
Ән салып кешке таман жүргенінде,
Бүрмесі ақ көйлектің желбіреген.
[Қайырмасы]
А-а-а-ау,
Бір келіншек, бір келіншек, бір келіншек-ау
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Осы әнге шаттандырып салады екен,
Түбінде займкенің бір келіншек.
[Қайырмасы]
А-а-а-ау,
Бір келіншек, бір келіншек, бір келіншек-ау
Ағашы займкенің селдіреген,
Қалқаның екі көзі мөлдіреген.
Ән салып кешке таман жүргенінде,
Бүрмесі ақ көйлектің желбіреген.
[Қайырмасы]
А-а-а-ау,
Бір келіншек, бір келіншек, бір келіншек-ау
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: