Өлең: Бір ғана (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Бір ғана (Қазақ ауыз әдебиеті)

Талдан таяқ жас бала таянбайды,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
Угай-ай,
Ән салшы-ай, бір ғана.

Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

Елдің көркі, ақ тоты бір баласың,
Қай дұшпан көзі қиып жамандасын.

Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

Айналайын, қарағым, келдің қайдан?
Алма мойын, ала үйрек ұшар сайдан.
Угай-ай,
Ән салшы-ай,
Бір ғана.

Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

Мекеніңді, қарағым, айтып қойшы,
Жат болмағы адамның осындайдан.
Угай-ай,
Ән салшы-ай,
Бір ғана.

Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Бір ғана өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Бир гана казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Бір ғана

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]