Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Қайтер едің)

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Қайтер едің)

Үмітпен созған қолыңды тағдыр қақса,
Біліп еткен ісіңнен зор мін тапса,
Оң дегенің теріске аман бастап,
Арбаң сынып, өгізің өліп жатса.
Жан ашыған сөзіңді дұшман көріп,
Қоңырайып достарың салқын тартса,
Суық жылан араңнан кесіп өтіп,
Сөнбейтұғын өсектің отын жақса.
Жаның сүйіп барғанда сенен безіп,
Жоқтай болса дұшпаны сенен басқа.
Тіршіліктен көңілін неғып қайтпас,
Еңбегің болса егіндей еккен тасқа.
Адаспаса иесін табар бұл сөз,
Мағынасы шақырып дабыл қақса.
Қайтер едің, жігітім, сырыңды айтшы,
Бақытыңа кез болса мұндай һәсте?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
міржақып дулатов Қайтер едің өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]