Өлең: Баянайым (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Баянайым (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580902767_slide-0.jpg)
Дүние бір сұлу қыз бұраңдаған,
Жүрме аттың артынан сыр алмаған.
Ахау.
Сабыр түбі сары алтын деп жүргенде,
Сан соқтырып кетпесін бір оңбаған.
Ахау.
Баянайым, нұрлы-ау қайың,
Кімдер әуес болмаған, қалқатайым.
Ойлап тұрсам дүние шолақ екен.
Бір-біріне адамдар қонақ екен.
Ахау.
Достарыңның барында сыйласып қал.
Бұл дүниенің қызығы сол-ақ екен.
Ахау.
Баянайым, нұрлы-ау қайың,
Кімдер әуес болмаған, қалқатайым.
Жүрме аттың артынан сыр алмаған.
Ахау.
Сабыр түбі сары алтын деп жүргенде,
Сан соқтырып кетпесін бір оңбаған.
Ахау.
Баянайым, нұрлы-ау қайың,
Кімдер әуес болмаған, қалқатайым.
Ойлап тұрсам дүние шолақ екен.
Бір-біріне адамдар қонақ екен.
Ахау.
Достарыңның барында сыйласып қал.
Бұл дүниенің қызығы сол-ақ екен.
Ахау.
Баянайым, нұрлы-ау қайың,
Кімдер әуес болмаған, қалқатайым.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: