Өлең: Әупілдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әупілдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше.
Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе,
Барар ем қалқа жанға әлденеше!

Жел соқты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген қасірет зарын.
Түседі қайғылыға қара тұман,
Кім білер сол тұманның ашыларын.

Еріксіз Әупілдекті мекен еттім,
Жасым жас, жиырмаға жаңа жеттім!
Айырған екі ғашықты еңіретіп,
Ісіне бар ма шара құдіреттің!..

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Әупілдек өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Аупилдек казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әупілдек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]