Өлең: Әсем әнім сырнайдай (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Әсем әнім сырнайдай (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580902767_slide-0.jpg)
Көзіңнен айналайын қарақтарым,
Секілді ақ қазина тамақтарың.
Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
Білмеймін қай жеріне қонақтарын.
Ахау әнім,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
Көзіңнен айналайын қырғи қабақ,
Ойнаған су бетінде сен бір шабақ.
Салсам да алтын қармақ ілінбейсің,
Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ.
Ахау әнім,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
Секілді ақ қазина тамақтарың.
Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
Білмеймін қай жеріне қонақтарын.
Ахау әнім,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
Көзіңнен айналайын қырғи қабақ,
Ойнаған су бетінде сен бір шабақ.
Салсам да алтын қармақ ілінбейсің,
Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ.
Ахау әнім,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: