Өлең: Әридай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әридай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ отауға жарасар ойған манат-ей,
Ақын-салдар құрады бек салтанат-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Ақындықпен өлеңді біз айтпаймыз-ей,
Үлкендерден қалыпты ойын-санат-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Қой ішінде сүйгенім ісек-тұсақ-ей,
Қойдың еті тураса болады ұсақ-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Атамыздың атасы өлеңші екен-ей,
Біз де өлеңші болайық, солар құсап-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Әридай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Аридай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әридай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]