Өлең: Әйкен-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Әйкен-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580902767_slide-0.jpg)
Домбыраңды, жеңеше-ай, қолыңа алшы,
Кекеленбей, шырқатып әнге салшы.
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
Қыршын жасқа қиқаңдап қарсы шығып,
Сатылғаның сондағы бір-ақ шаршы.
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
Алып келген базардан боз белбеуім,
Жаман-жақсы болса да өз белбеуім.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен аман жүрмісің көз көргенім!?
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
Кекеленбей, шырқатып әнге салшы.
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
Қыршын жасқа қиқаңдап қарсы шығып,
Сатылғаның сондағы бір-ақ шаршы.
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
Алып келген базардан боз белбеуім,
Жаман-жақсы болса да өз белбеуім.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен аман жүрмісің көз көргенім!?
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: