Өлең: Әдемі қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әдемі қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдем-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.

Ақ көйлек, қара қамзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдем-ау, артық туған.
Мен саған ғашықтықтан сөз айтамын,
Ар жағын өзің шешіп, әдем-ау, өзің ойлан.

Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Әдемі қыз өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Адеми кыз казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әдемі қыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]