Өлең: Әгегөй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әгегөй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аттың бәрі тумайды-ей бурылдай боп,
Тату өсер бар ма екен құрбыдай боп, әгегөй-ау.
Мен қалқаны сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады бұлбұлдай боп, әгегөй-ау.

Су ағады сайменен,
Шам жанады майменен-ай.
Екі жақсы қосылса,
Таң атады жайменен-ай.

Баян таудың басында-ей нар кескенім,
Тал шыбықтай бұралып бірге өскенім, әгәгөй-ау.
Бағаласам бағаңа жан жетпейді.
Шекер шайнап, қолымнан бал жескенім, әгәгөй-ау.

Су ағады сайменен,
Шам жанады майменен-ай.
Екі жақсы қосылса,
Таң атады жайменен-ай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Әгегөй өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Агегой казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әгегөй

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]