Өлең: Аяулым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Аяулым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қара төбел қарағым құнандайсың, аяулым,
Бір мінің жоқ ақ бауыр құландайсың, аяулым.
Тарбағатай тауының түлкісіндей, аяулым,
Болып күйік көзіме бұлаңдайсың, аяулым.

Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің, жандырдың жүректі,
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді.

Қара бүркіт келмейді қайыруға, аяулым,
Не демейді көп дұшпан айыруға, аяулым.
Арадағы дұшпанның сөзіне ермей, аяулым,
Кел, екеуміз шығайық жайылуға-әй, аяулым.

Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің, жандырдың жүректі,
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Аяулым өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Аяулым казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Аяулым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]