Өлең: Ахау, Семей (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ахау, Семей (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты кілт болмаса кім ашады!

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Көшкенде жылқы айдаймын ақ табанмен,
Болмайды жаман – жақсы мақтағанмен.

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Сүймесе несі қызық екі жастың,
Күйеу боп босағаны аттағанмен?!

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ахау Семей өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ахау Семей казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ахау Семей

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]