Өлең: Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мұнартып кәрі Алтай бұлт ораған,
Алма бетін ақ қарменен сұлу тау опалаған.
Маржан таққан сәукелең шың басыңа,
Ноқат салып таспенен кербез тау шұбарланған.

Бүгін Алтай,
Жаңарғандай,
Жаңарғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай,
Шаттанғанда-ай!

Азияның Алтайым қазынасы,
Алтын-күміс, мысы мен таусылмас асыл тасы.
Өндірісін Риддер өркендеткен,
Сартылдайды жұмыскер жаңғырған ай балтасы.

Алып Алтай,
Құшағында-ай,
Құшағында-ай,
Ақтарылып ен байлық
Кен шығады-ай,
Кен шығады-ай!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Алтай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алтай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алтай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]